17
қазан
2024
«РАХЫМЖАН ҚОШҚАРБАЕВ. РЕЙХСТАГҚА ТІГІЛГЕН ТУ»
Шымкент қаласы білім басқармасына қарасты Х.Әлімжан атындағы №85 жалпы орта білім беретін мектебінде 17 қазан күні 5-сыныптар арасында оқушыларға Р.Қошқарбаевтың ерлігі мен ту тігуінің тарихи маңызын түсіндіру мақсатында "Рахымжан Қошқарбаев. Рейхстагқа тігілген ту" тақырыбында ашық сынып сағаты өтті. Ашық сынып сағатында Қошқарбаевтың өмірбаяны, отбасы және балалық шағы, соғысқа қатысуы, ерліктің тарихи маңызы, марапаттары мен танылуы, соғыстан кейінгі өмірі, Қошқарбаевқа арналған ескерткіштері туралы мағлұматтар берілді.
Оқушылар бейнекөрсетілім арқылы Р.Қошқарбаевтың өмір жолы мен ерлігін таныса, викториналық сұрақтар арқылы білімдері сараланды.Сабақ барысында Р.Қошқарбаев туралы өздері ізденіп, біліп келген мәліметтерімен бірге Отан туралы ақын-жазушылардың өлең шумақтары оқылып, мақал- мәтелдер айтылды.