13
ақпан
2024
АУҒАН СОҒЫСЫНЫҢ ЖАҢҒЫРЫҒЫ
1979 жылдың 25 желтоқсанынан 1989 жылдың 15 ақпанына дейін созылған Ауған соғысы мыңдаған адамның өмірін қиды. Сұрапыл соғысқа қазақ жұртынан мыңдаған астам азамат қатысып, нешесі соғыста қаза тапты. Биыл сол соғыстың аяқталғанына – 35 жыл толып отыр.
Қанша уақыт өтсе де елі барда ерлер есімі ұмытылмайды. Ерен ерлердің ерлігі – бүгінгі ұрпаққа үлгі-өнеге. Ардагерлерді қалай құрметтесек те жарасады. Бүгін сол майданда ерлік көрсеткен ардагерлерді мектебімізге шақырып, кездесу кешін ұйымдастырып,сый-құрметімізді көрсеттік.
Кездесуде Кеңес Одағының, ҚР Жоғары Қарулы Күштерінің және Ауған соғысының ардагері, Сырдәлі Нұржігіт қысалтаяң шақтағы оқиғаларымен бөлісті. Сөз арасында майдандағы қаза болған жауынгер достарын есіне алып толқыды.Майданда қаза болған оғландарымызды үнсіздікпен еске алдық. Кеш барысында мектеп директоры Сапаркулова Зарета Халиловна келген қонақтарымызға алғысын білдіріп, сөз сөйледі. Оқушылар ардагерге сұрақтар қойып, сұхбат алмасты. Кездесу өте әсерлі өтті.