МЕКТЕП ОҚУШЫЛАРЫН ТЕГІН ЫСТЫҚ ТАМАҚПЕН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ ЖҰМЫСТАРЫ » «Х.Әлімжан атындағы №85 жалпы орта білім беретін мектеп» КММ
Шымкент қаласы білім басқармасының
«№85 Х.Әлімжан атындағы жалпы орта мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7252) 27-28-82
Есепші бөлімі:
+7(702) 393-77-55
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » МЕКТЕП ОҚУШЫЛАРЫН ТЕГІН ЫСТЫҚ ТАМАҚПЕН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ ЖҰМЫСТАРЫ
23
қыркүйек
2025

МЕКТЕП ОҚУШЫЛАРЫН ТЕГІН ЫСТЫҚ ТАМАҚПЕН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ ЖҰМЫСТАРЫ

МЕКТЕП ОҚУШЫЛАРЫН ТЕГІН ЫСТЫҚ ТАМАҚПЕН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ ЖҰМЫСТАРЫ
2025-2026 оқу жылының қыркұйек айында №85 Х.Әлімжан атындағы жалпы орта білім беретін мектебінде  Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрінің 2020 жылғы  24 сәуірдегі №158 бұйрығының 10-қосымшасымен бекітілген «Жалпы білім беретін мектептердегі білім алушылар мен тәрбиеленушілердің жекелеген санаттарына тегін және жеңілдетілген тамақтандыруды ұсыну» мемлекеттік қызметті көрсету стандартын орындау негізінде, әлеуметтік санатқа ие отбасы балаларынан жоғары 5-11 сыныпта оқитын 91 оқушы және барлық мектептегі бастауыш сынып оқушылары ыстық тамақпен қамтылды
Мектеп асханасының жаңа оқу жылына дайындығын тексеру, тегін ыстық тамақпен қамтылатын оқушылар тізімін жасақтау жұмыстары жүргізілді. Асханаға бару кестесіне сай 1-ауысымда барлық 1 және 4-сыныптар, 7-11-сыныптардағы оқушылар тегін ыстық тамақпен қамтылса, 2-ауысымда барлық 2 және 3- сыныптар, 5-6-сыныптардағы тегін ыстық тамақпен қамтылды. Тамақтану рационы мен бекітілген мәзірдің сәйкестігін бақылау, мектеп асханасындағы азық түліктердің сақталу мерзімі мен жағдайын бақылау, оқушылардың тамақтану жағдайына үнемі бақылау жасау мақсатында бракераждық комиссия жұмысы ұйымдастырылды. Мектеп асханасы жұмысы бракеражды комиссиясы тарапынан жүйелі түрде бақыланады. Күнделікті дайын тамақтың сапасын бақылау (бракераж) журналы, ас блогы жұмыскерлерінің денсаулығын тексеру, тамақ  өнімдердің нормаларын бақылау , тоңазытқыштағы температуралық тәртіп журналын жүргізу , санитариялық гигиеналық жағдайларын қадағалау жұмыстарын мектеп медбикесі жүргізеді. Тамақтар белгіленген ас мәзірі бойынша дайындалады.