20
сәуір
2024
“ТАЗА ҚАЛА ӨЗІҢНЕН БАСТАЛАДЫ” АКЦИЯСЫ ҰЙЫМДАСТЫРЫЛДЫ
Шымкент қаласы білім басқармасының “№85 жалпы орта білім беретін мектебі” “Таза қала өзіңнен басталады” акциясы аясында мектеп қызметкерлері мен жұмысшыларымен сенбілік ұйымдастырылды. Акцияның басты мақсаты: мектебіміздің көркіне көрік қосу, тазалығы мен экологиялық жағдайын жақсарту, мектеп ауласын қоқыстан тазартып, көрікті жерге айналдыру. Сенбіліктің қоршаған ортаны таза ұстауға, экологиялық мәдениет қалыптастыруға және қаланың санитарлық жағдайын жақсартуға тигізер ықпалы мол. Бұндай қоғамдық жұмыстарға мектеп ұжымы барынша атсалысып, үрдіске айналған игілікті іске үлес қосып келеді.



