"ЕРТЕГІЛЕР ӘЛЕМІНЕ САЯХАТ" » «Х.Әлімжан атындағы №85 жалпы орта білім беретін мектеп» КММ
Шымкент қаласы білім басқармасының
«№85 Х.Әлімжан атындағы жалпы орта мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7252) 27-28-82
Есепші бөлімі:
+7(702) 393-77-55
Нашар көрушілер
нұсқасы
12
қаңтар
2024

"ЕРТЕГІЛЕР ӘЛЕМІНЕ САЯХАТ"

Мектеп кітапханасында 1-сынып оқушыларын кітап оқуға шақыру мақсатында  12.01.2024 жылы "Ертегілер әлеміне саяхат"  тақырыбында 3 D әдісі бойынша балаларға ертегілер оқып бердік.     "Ақымақ қасқыр" ертегі кітабынан 3D әдісі бойынша "Үйшік" және "Бауырсақ"  ертегілерін оқи отырып, балаларға ертегі кейіпкерлерін тақтаға жапсыруды ұсындық. Ертегі оқу барысында балалар ертегі кейіпкерлерін өз қолдарымен тақтаға қызығушылықпен жапсырды. Ертегіні тыңдап, кейіпкерлерімен таныс болған балаларға 3D әдісі өте ұнады. Олар күнделікті кітап оқуға келіп тұратындарын айтты.    
Мақсаты: Балаларға ертегі желісін түсіндіріп, кейіпкерлерін көрсетіп  ой санасын дамыту, оқырмандарды кітап оқуға баулу.