06
ақпан
2024
«МҰҚАҒАЛИ МАҚАТАЕВ ЖӘНЕ ҰЛТТЫҚ РУХ»
Шымкент қаласы білім басқармасына қарасты Х.Әлімжан атындағы №85 ЖОББ мектепте 2024 жылдың 6 ақпан күні кітапхана меңгерушісі Ж Алимкулованың ұйымдастыруымен 5 сынып оқушыларының қатысуымен қазақтың қара өлеңін кие тұтқан, жүрегінің түбінен қайнап шыққан асыл жырларымен қылың жұртшылықтың махаббатына бөленген Мұқағали Мақатаевтың 93 жасқа толуына арналған поэзия сағаты өткізілді. Балалар ақынның өлеңдерін мәнерлеп жатқа оқыды. Мақсаты: Мұқағали Мақатаевтың ақындық талантын оқушылар жүрегіне ұялату. Мұқағали өлеңдері арқылы жас ұрпақты ерлікке, туған жерді, адамзатты сүюге, адамгершілікке, ұлтжандылыққа, адалдыққа тәрбиелеу.
Мұқағали ғажайып, ақиық, сыршыл, гуманист ақын. Ақын өлеңдерін оқыған сайын ақиқат бейнелі рух, сезім мен сананың, бірлігі көңілге ұялайды.


Мұқағали ғажайып, ақиық, сыршыл, гуманист ақын. Ақын өлеңдерін оқыған сайын ақиқат бейнелі рух, сезім мен сананың, бірлігі көңілге ұялайды.

