"ҰЛТТЫҚ РУХ - ТӘУЕЛСІЗДІК ТІРЕГІ!" ТӘРБИЕ САҒАТ » «Х.Әлімжан атындағы №85 жалпы орта білім беретін мектеп» КММ
Шымкент қаласы білім басқармасының
«№85 Х.Әлімжан атындағы жалпы орта мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7252) 27-28-82
Есепші бөлімі:
+7(702) 393-77-55
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » "ҰЛТТЫҚ РУХ - ТӘУЕЛСІЗДІК ТІРЕГІ!" ТӘРБИЕ САҒАТ
15
желтоқсан
2023

"ҰЛТТЫҚ РУХ - ТӘУЕЛСІЗДІК ТІРЕГІ!" ТӘРБИЕ САҒАТ

Х.Әлімжан атындағы №85 жалпы орта білім беретін мектептің 8 «А» сынып  оқушылары «Ұлттық рух - Тәуелсіздік тірегі!» атты тәрбие сағат өтілді.   Мақсаты:
- Еліміздің тәуелсіздік алу жолындағы ата - бабаларымыздың ерлігін паш ету, оқушыларға желтоқсан құрбандарымен, желтоқсан оқиғасына қатысқан аға - апалардың ерлігін үлгі етіп көрсету.- Оқушылардың туған өлкемізге деген сүйіспеншілігін, сезімдерін ояту.
   Тәуелсіздік жолында талай жандар құрбан болып, елім деп еңіреп өткені белгілі. Талай кезең қиын-қыстау, қуғын-сүргінді ата-бабаларымыз басынан кешті. Біз Қазақстанның тәуелсіздігінің оңайлықпен келмегенін біліп оны қадірлеуіміз керек. Әрбір Қазақстанның азаматы мақтанышпен Елтаңбаны, Әнұранды, Туды көтеруі керек. Әрбір азамат өз Отаны үшін еңбек етуге, жанын қиюға міндетті. Туған жердей жат жердің болмайтыны – ақиқат. Оған көңілің ешқашан толмайтыны – ақиқат. Алтын торда алтын құс өсірсең де, бұлбұл құс.Өскен бағы болмаса, қонбайтыны – ақиқат. Талай ғасырлар бойы ата-бабаларымыз еркіндік пен тәуелсіздік таңын аңсап келген. Олар көксеген арманға ХХ ғасырдың соңына қарай қол жеткіздік. Соның арқасында бүгінгі таңда өз бағыт-бағдарын ұстанған, өркениет елдер мойындаған жеке мемлекетке айналдық. 8 «А» сынып оқушылары белсене сынып арасындағы тәрбие сағатта  талдау жасап , алдарына жоғары мақсат қойды. 



Похожие публикации: