“КІТАП РУХАНИ ҚАЗЫНА” » «Х.Әлімжан атындағы №85 жалпы орта білім беретін мектеп» КММ
Шымкент қаласы білім басқармасының
«№85 Х.Әлімжан атындағы жалпы орта мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7252) 27-28-82
Есепші бөлімі:
+7(702) 393-77-55
Нашар көрушілер
нұсқасы
23
сәуір
2024

“КІТАП РУХАНИ ҚАЗЫНА”

Шымкент қаласы Білім басқармасына қарасты Хамит Әлімжан атындағы №85 ЖОББ мектеп кітапханасында  23 сәуір-халықаралық кітап күніне орай кітапхана меңгерушісі Ж. Алимкулова мен қазақ-тілі пәні мұғалімі Н. Калменова апайларымыздың ұйымдастыруымен "Кітап-рухани қазына" тақырыбында 5"В" сынып оқушыларымен   дөңгелек үстел ұйымдастырылды. 
Мақсатымыз Кітаптың  адам өміріндегі маңызы, ғылым мен білімнің пайдасы жайлы түсіндіру, оқулықты күтіп ұстауға үйрету.
Оқырмандарымыз кітап туралы тақпақтар мен мақалдар айтып,  бір-біріне жұмбақтар жасырды. "Кітаптар әлемі" атты әсерлі көрініс қойды. Жаңа ақпараттар көзінің қарыштап дамыған жаһандану заманында да кітап оқу,  кітапты пайдалану, көркем шығармаларға деген құштарлығымыз кемімеу керек.