АБАЙ - ШЕКСПИР ҮНДЕСТІГІ » «Х.Әлімжан атындағы №85 жалпы орта білім беретін мектеп» КММ
Шымкент қаласы білім басқармасының
«№85 Х.Әлімжан атындағы жалпы орта мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7252) 27-28-82
Есепші бөлімі:
+7(702) 393-77-55
Нашар көрушілер
нұсқасы
22
қыркүйек
2023

АБАЙ - ШЕКСПИР ҮНДЕСТІГІ

    Шымкент қаласы білім басқармасына қарасты Х.Әлімжан атындағы N85 жалпы орта білім беретін мектебінде " Абай мен Шекспир шығармаларындағы үндестік" тақырыбы аясында 8-10- сынып оқушыларымен дөңгелек үстел болып өтті. Дөңгелек үстелге қатысушылар қазақ халқының данышпан ұлы Абай мен Шекспир шығармаларындағы адам мен қоғамға  қатысты ой бірлігін, тілдік құрылымы мен сөз қолданыстары туралы ойларын ортаға салды. Ұлы тұлғалар шығармаларындағы үндестік адам психологиясына бойлаудан туғандығын ашып айтқан сөздері дәлелді, уәжді шықты. 
  Адам, қоғам - бір- бірінсіз дамымайтын егіз ұғым. Ұлық ойді тізгіндей білген ұлылар ғана екі ұғымға бойлайтынын білеміз. Сол ұлық ой мен идеяны тану- білім құмар әр азаматқа керек дүние.