16
қыркүйек
2024
ЖҮЙЕЛІ ЖОБА ЖОЛҒА ТҮСТІ
Мектепішілік бақылаудың жүйелі жүруін қамтамасыз ету мақсатында мектеп директоры Зарета Халиловна Сапаркулованың бастамасымен жасалған "Сыншы дос және кәсіби көмек" жобасының траекториясы аясында таныстырылым жасалды.
Жобаның мақсаты: Мұғалімдерге кәсіби қолдау арқылы құзыреттілігін көтере отырып, білім алушылардың білім сапасын арттыру.
Жоба 4 бағытта жүйеленіп, жолға түсті. Олар: 1. Мұғалімнің өзінің даму мүмкіндіктерін , өз қызметін жобалай алу қабілетін анықтау мақсатында "Рефлексивті мұғалім" жобасы
2. Пән апталықтарында мектептің проблемалық тақырыбын шешу жолына бағыттау мақсатында "Апталықтарды критериалды бағалау" жобасы 3. Әр пәннің өз ерекшеліктерін ескере отырып, 45 минуттық сабақ мазмұнындағы талап етілген әрекеттерді бақылап, қажеттілігіне қарай кәсіби қолдау жасау мақсатында "Сабақты критериалды бағалау" жобасы
4. Оқу жылы соңында мұғалімнен күтілетін нәтижеге бағытталған әрбір әрекеттерін саралай келе анықталатын "Табыс кілті" жобасы жол тартты.
Бұл жобалардың әрқайсысының мақсаты мен міндеті айқындалған.
Табысқа жету жолдары мен күтілетін нәтижесі де анық, өлшемшарттары да белгіленген.
Жоба мектеп мұғалімдерінен қолдау тауып, 2024-2025 оқу жылының жұмыс жоспарының өндірісіне жіберілді.
Жобаның таныстырылымы мектеп мұғалімдеріне жаңа серпін сыйлады .Себебі, мұғалімдер өздерінің табыс критерийлері айқындалған бұл жобаның мектептің жасампаздық жолына бағытталғанын түсінді.
Жоба нәтижесі білім алушылардың білім сапасын көтеруге ықпал ететініне сенімді болды. Сонымен қатар, бұл жоба мектеп әкімшілігінің ішкі бақылау жүйесіне де тиімділігін танытатындығы анық .
Сәттілік!