СЕКСЕН БЕСІНШІ МЕКТЕП » «Х.Әлімжан атындағы №85 жалпы орта білім беретін мектеп» КММ
Шымкент қаласы білім басқармасының
«№85 Х.Әлімжан атындағы жалпы орта мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7252) 27-28-82
Есепші бөлімі:
+7(702) 393-77-55
Нашар көрушілер
нұсқасы
12
сәуір
2023

СЕКСЕН БЕСІНШІ МЕКТЕП

Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрлігінің ұйымдастыруымен Шымкент қаласы білім басқармасына қарасты Х.Әлімжан атындағы №85 жалпы орта білім беретін мектебі 2023 жылы 12 сәуірде Астана уақытымен сағат 12:00-де республикалық шахмат  челленджіне қатысты. 
   Челлендждің мақсаты: шахмат арқылы балалардың зияткерлік және ақыл-ой қабілеттерін дамыту.
    Шахмат оқушылардың зейін, сыни тұрғысынан ойлау, логикалық ойлау, шешім қабылдау, стратегиялық жоспарлау, шығармашылық талдау, қабылдау мен бағалау қабілеттерін дамытатын ойын түрі болғандықтан, мектебімізде өткен челленджге 2-11-сыныптың  білім алушылар мен мектеп мұғалімдері қатысып, ақыл-ойдың күшін танытты. 
  Мектептегі үйірме жетекшісі Ережепов Бақытжанның ұйымдастырумен өткен шахматқа қатысқан оқушылар арасынан  3 оқушы 1 орын, 6 оқушыға 2- орын, 8 оқушыға 3- орын берілді. Қатысушы жас шахматшылар үшін қызыға қатысқан тартысты ойын  құнды болды.