10
наурыз
2023
ЦИФРЛЫҚ БІЛІМ БЕРУ – ЗАМАНАУИ ОҚЫТУДЫҢ КІЛТІ

Бүгін мектебімізде Шымкент қаласы, әдістемелік орталығының «Сапалы білім» жобасы аясында «Оқу үдерісінде қолжетімді цифрлық ресурстарды тиімді қолдану арқылы сапалы білімге қол жеткізу» тақырыбында семинар өтті. Семинарға Шымкент қаласы Әдістемелік орталығының математика пәнінің әдіскері Қисабекова Алтынай Алтаевна, қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің әдіскері Үсен Айнур Текебайқызы, 55,58,59,72,115,127,131,132,133 мектептің әдістемелік жұмысы жөніндегі орынбасарлары және педагогтері қатысты.
Семинарда қатысушылар бүгінгі цифрлық білім беру ресурстарын оқыту үдерісінде қолдану, оқу материалын оқушылардың нақты жас ерекшеліктеріне бейімді түрде ұсыну жолдарымен танысты.
Директордың оқу жұмысы жөніндегі орынбасары Р.Н. Нархашова «Сапалы білім» жобасы аясында мектепте атқарылып отырған нәтижелі жұмыстарымен таныстырды. Қазақ тілі, орыс тілі, ағылшын тілі, математика, тарих, география пәндеріне қатысқан педагогтер оң бағасын беріп, пән мұғалімдері мен мектеп ұжымына алғыстарын айтып өтті.