​“ЗАҢ ЖӘНЕ ТӘРТІП” ЖОБАСЫ АЯСЫНДА ІС-ШАРАЛАР ЖАЛҒАСЫН ТАБУДА » «Х.Әлімжан атындағы №85 жалпы орта білім беретін мектеп» КММ
Шымкент қаласы білім басқармасының
«№85 Х.Әлімжан атындағы жалпы орта мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7252) 27-28-82
Есепші бөлімі:
+7(702) 393-77-55
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » ​“ЗАҢ ЖӘНЕ ТӘРТІП” ЖОБАСЫ АЯСЫНДА ІС-ШАРАЛАР ЖАЛҒАСЫН ТАБУДА
11
ақпан
2025

​“ЗАҢ ЖӘНЕ ТӘРТІП” ЖОБАСЫ АЯСЫНДА ІС-ШАРАЛАР ЖАЛҒАСЫН ТАБУДА

Шымкент қаласы білім басқармасына қарасты «Х.Әлімжан атындағы №85жалпы орта білім беретін мектебінде “ЗАҢ ЖӘНЕ ТӘРТІП” айлығы аясында “Даналық мектебі” жобасы бойынша әжелердің ұрпақ тәрбиесіндегі жауапкершілігін арттыру мақсатында 11.02.2025 ж күні “Ақылды қыз білімге жүгінер,ақылсыз қыз сөзге ілігер” тақырыбында 6-7 сыныптардың қыздары арасында кездесуді ДТІЖО-ы Л.Т.Сайрамбаева мен Г.Е.Базаркулова,мектептегі «Аяулым қыздар ұйымының» төрайымы, «Сахна саңлақтары» үйірмесінің жетекшісі Ж.Турсынбаеваның ұйымдастыруымен және Қаратау аудандық «Бибі-ана» клубы әжелерінің қатысуымен кездесу  болып өтті. 
Әжелер тобын басқарып келген қонақтарымыз: Куляш Сейдуаханқызы,Раиса Аширбайқызы, Бакирбаева Құралай, Анар Жуматайбековна секілді әжелеріміздің өнегелі өмір жолын жастарға үлгі ету, салт-дәстүрді насихаттау, әжелердің тәлім -тәрбиесін бойға сіңіру арқылы ұлттық құндылықтарды сақтау негізгі мақсатымыз болды. 
Сөз барысында әжелердің бала тәрбиесіндегі орнын, өнегелі әженің немерелеріне нені үйретуі керегін және де қиын жағдайда оң шешім шығаруды дағдыға айналдыруы туралы ортаға талқыға салды. Сонымен қатар әжелер өмірден алған тәжірибесін, көрген-білгенін жастарға жеткізу арқылы қоғамның құндылықтарын сақтауды, сабыр сақтап, жақсылық жасауды, салт-дәстүрлерімізді сақтауды, ең бастысы отбасы-басты байлық екенін атап өтті.