24
желтоқсан
2024
«ҚОШ КЕЛДІҢ, ЖАҢА ЖЫЛ!»
«Х.Әлімжан атындағы №85 жалпы орта білім беретін мектебінде» ««Қош келдің,Жаңа жыл!» атты 1-11 сынып оқушыларына арналған жаңа жылдық кеш мектеп парламентінің ұйымдастыруымен 2024 жылдың 24-25-26 желтоқсан күндері аралығында өткізілді. Өткізілген іс-шара балаларды қуаныш пен шаттыққа бөледі. Кеште мереке көркін келтіріп, сәнді киінген оқушыларымыздың бәрі ерекше көңіл-күйде
болды.Мерекелік іс-шара барысында балалар Аяз Ата мен Ақшақар және ертегі кейіпкерлерімен бірге би билеп, ән айтып ертегілер еліне саяхаттады. Біз келе жаткан Жаңа Жылдан жақсылық пен жаңа жаңалықтар күтеміз. Жаңа ықыласпен, игі тілектерімен жаңа жылға қадам басамыз. Жаңа жыл еліміз үшін мерейлі ірі мерейтойларға толы жыл болуына тілектеспіз.
Жаңа жылда,
Жаңа жылдың әр күні,
Жақсы хабарларға,
Жағымды жаңалықтарға,
Күтпеген қызықтарға,
Қуаныш сыйлайтын құттықтауларға толы болсын!!!
Жаңа Жыл Сіздерге мықты денсаулық, баянды бақыт, жаңа жетістіктер және татулық әкелсін! Керегелеріңіз кеңейіп, шаңырақтарыңыз биіктей түссін! Әрбір жаңа бастамаларыңыз тек қана жеңіс пен сәттілікке ұласа берсін! Жаңа жыл құтты болсын!