МҰҚАҒАЛИ-МӘҢГІЛІК ҒҰМЫР АТТЫ ӘДЕБИ КЕШ » «Х.Әлімжан атындағы №85 жалпы орта білім беретін мектеп» КММ
Шымкент қаласы білім басқармасының
«№85 Х.Әлімжан атындағы жалпы орта мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7252) 27-28-82
Есепші бөлімі:
+7(702) 393-77-55
Нашар көрушілер
нұсқасы
16
ақпан
2024

МҰҚАҒАЛИ-МӘҢГІЛІК ҒҰМЫР АТТЫ ӘДЕБИ КЕШ

Шымкент қаласы Білім басқармасына қарасты N85 жалпы орта білім беретін мектебініңқазақ тілі мен әдебиет пәндерінің мұғалімі Турсынбаева Жанат Аманкуловнаның ұйымдастыруымен 7"Ә" сыныбына  мұзбалақ ақын М.Мақатаевқа арналған әдеби кеш өткізілді. Кештің мақсаты: Ақиық ақын, артына айрықша өшпейтін із қалдырған ақынның өмірі мен шығармашылығына шолу жасалынды.Ақын поэзиясының халыққа кең таралуының мәні және оның өміршеңдігінің сыры неде екенін таныта отырып сезіндірді. Шығармашылығының музыкасымен үндесу ерекшелігін, ақынның сөзіне жазылған әндері көпшілік назарына ұсынылды.Әдеби кешке  "Оқушы,ұстаз, ата-ана үштік одақ ынтымақтастығы" жұмыс жасауын дамыту үшін ұйымдастырылып,ата- аналар белсене өз өнерлерін көрсете білді.Балаларды білім шыңына көтеру үшін ата- ана мен мұғалім бірлесе отырып бірін- бірі қолдау көрсете жұмылғанда ғана еңбектері күткен нәтижеге қол жеткізетіні анық болды.
Кеш аяғында түрлі байқауларға қатысқсн жеңімпаз оқушылар марапатталды.