МЕКТЕБІМ-МЕЙІРІМ МЕКЕНІ » «Х.Әлімжан атындағы №85 жалпы орта білім беретін мектеп» КММ
Шымкент қаласы білім басқармасының
«№85 Х.Әлімжан атындағы жалпы орта мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7252) 27-28-82
Есепші бөлімі:
+7(702) 393-77-55
Нашар көрушілер
нұсқасы
01
қыркүйек
2023

МЕКТЕБІМ-МЕЙІРІМ МЕКЕНІ

Шымкент қаласы білім бөліміне қарасты Х. Әлімжан атындағы №85 ЖОББ мектебінде Білім күніне арналған салтанатты жиын болып өтті. Салтанатты жиын халқымыздың күмбір күйімен басталып, ұлттық болмысымызды паш еткен әсем бимен ашылды. Алғашқы қоңыраудың сыңғыр үнін алғаш естігелі отырған жас бүлдіршіндер, 1-сынып оқушылары жиынға салтанатты түрде шақырылды.  

  Білім күнінде өскелең ұрпаққа деген мерекелік тілегін арнаған Қамқоршылық кеңесінің мүшесі-Алматы қаласы ҚазАДИ жоғары оқу мекемесінің Шымкент-Түркістан облысының өкілдік директоры Ж.О.Малибеков, ата-аналар кеңесінің төрағасы Б.И.Исатаев, Қаратау ауданы, Тассай тұрғын алабының оран басшысы Т.О.Мадибеков жаңа оқу жылында оқушылар мен мұғалімдерге жетістік пен сәттілік тіледі. 

  Мектеп директоры З.Х.Сапаркулова 2023-2024 оқу жылындағы оқу-тәрбие бағытындағы өзгерістерге тоқтады. Өз сөзінде мұғалімдер мен оқушылардың жетістіктерін атап өтті. Сондай-ақ, модификацияланған жаңа пән кабинеттерімен толықтырылып, мектептің жаңа оқу жылын толайым жаңалықтармен бастағалы отырғандығын тілге тиек етті. Жас бүлдіршіндер мен оқушыларды, келген қонақтар мен ұстаздар қауымын мереке күнімен құттықтап өтті.

   Мерекелік шарада «Ұстазым», «Балдәурен» әндері шырқалып, оқушылар көркем сөз оқумен жалғасын тапты. 

Қағылмақ,міне, әуенге бөлеп,

Қағылмақ алғаш қоңырау.

Нұр толқып жүзің, гүл толып құшақ

Шаттыққа толсын омырау!