«МЕКТЕБІМ-МЕЙІРІМ МЕКЕНІ» БІЛІМ КҮНІНІҢ САЛТАНАТТЫ ЖИЫНЫ ӨТКІЗІЛДІ » «Х.Әлімжан атындағы №85 жалпы орта білім беретін мектеп» КММ
Шымкент қаласы білім басқармасының
«№85 Х.Әлімжан атындағы жалпы орта мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7252) 27-28-82
Есепші бөлімі:
+7(702) 393-77-55
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » «МЕКТЕБІМ-МЕЙІРІМ МЕКЕНІ» БІЛІМ КҮНІНІҢ САЛТАНАТТЫ ЖИЫНЫ ӨТКІЗІЛДІ
01
қыркүйек
2024

«МЕКТЕБІМ-МЕЙІРІМ МЕКЕНІ» БІЛІМ КҮНІНІҢ САЛТАНАТТЫ ЖИЫНЫ ӨТКІЗІЛДІ

Шымкент қаласы Білім басқармасына қарасты Хамит Әлімжан атындағы №85 жалпы орта білім беретін мектебінде жаңа  оқу жылының басталуы қарсаңында білім алушыларға  білімнің басымдылығы мен маңыздылығын ұғындыру және жағымды көңіл-күй, оң көзқарас қалыптастыру мақсатында «Мектебім-мейірім мекені» тақырыбымен  білім күнінің салтанатты жиыны өткізілді.

    Бүгінгі таң шапағы шұғыла шашып, жанарлары жалтылдаған мектепке асыққан бүлдіршіндер, үмітін үкілеген ата-аналар, ертеңге нық сеніммен қараған ұстаздардың тілегімен астасып жатты. Бүгінгі күн жаңа оқу жылында жақсылыққа, ізгілікке, бақыт пен шаттыққа жас жеткіншектердің жүрегін толтыратын сəттердің көп болатындығын айқындап тұрғандай. 

  Мектебіміздің басшысы Сапаркулова Зарета Халиловна жас жеткіншектерді, ата-аналарды, ұстаздарды жаңа оқу жылының басталуымен шын жүректен құттықтады. Жастар еліміздің болашағы, ертеңіміздің бағдары екендігін, ел ертеңі жастармен тікелей байланысты екендігін атап өтті. Салтанатты жиынға келген қонақтар сөз алып жас жеткіншектерімізге, мектеп ұжымына деген өздерінің жүрек жарды лебіздерін жеткізді.

    Алтын күздің алғашқы күнімен тұспа-тұс келген Білім күні алғаш мектеп табалдырығын аттаған барша бүлдіршіндерді, бүгінгі қуанышты күнмен шын жүректен құттықтаймыз! Айбынды да, айбарлы қазақ елінің көгінде жұлдыздай жарқырауларына шын жүректен тілектеспіз!

    Биылғы оқу жылы сəтті басталып, мектебіміздің ұстаздары мен шəкірттеріне жемісті де, жеңісті жыл болады деп кəміл сенеміз!