01
қыркүйек
2024
«МЕКТЕБІМ-МЕЙІРІМ МЕКЕНІ» БІЛІМ КҮНІНІҢ САЛТАНАТТЫ ЖИЫНЫ ӨТКІЗІЛДІ
Мектеп деген-білім күні, жыр күні
Мектеп деген-ғылымның ең үлкені.
Мектеп деген-тәрбиеші адамға
Мектеп деген даналардың мекені.
Өмір бойы мектебімді жыр етем
Бір өзіңде бақыт, білім, береке
Шәкірттерің өрістесін, өрлесін
Құтты болсын «Білім күнің» - мерекең!
Шымкент қаласы Білім басқармасына қарасты Хамит Әлімжан атындағы №85 жалпы орта білім беретін мектебінде жаңа оқу жылының басталуы қарсаңында білім алушыларға білімнің басымдылығы мен маңыздылығын ұғындыру және жағымды көңіл-күй, оң көзқарас қалыптастыру мақсатында «Мектебім-мейірім мекені» тақырыбымен білім күнінің салтанатты жиыны өткізілді.
Бүгінгі таң шапағы шұғыла шашып, жанарлары жалтылдаған мектепке асыққан бүлдіршіндер, үмітін үкілеген ата-аналар, ертеңге нық сеніммен қараған ұстаздардың тілегімен астасып жатты. Бүгінгі күн жаңа оқу жылында жақсылыққа, ізгілікке, бақыт пен шаттыққа жас жеткіншектердің жүрегін толтыратын сəттердің көп болатындығын айқындап тұрғандай.
Мектебіміздің басшысы Сапаркулова Зарета Халиловна жас жеткіншектерді, ата-аналарды, ұстаздарды жаңа оқу жылының басталуымен шын жүректен құттықтады. Жастар еліміздің болашағы, ертеңіміздің бағдары екендігін, ел ертеңі жастармен тікелей байланысты екендігін атап өтті. Салтанатты жиынға келген қонақтар сөз алып жас жеткіншектерімізге, мектеп ұжымына деген өздерінің жүрек жарды лебіздерін жеткізді.
Алтын күздің алғашқы күнімен тұспа-тұс келген Білім күні алғаш мектеп табалдырығын аттаған барша бүлдіршіндерді, бүгінгі қуанышты күнмен шын жүректен құттықтаймыз! Айбынды да, айбарлы қазақ елінің көгінде жұлдыздай жарқырауларына шын жүректен тілектеспіз!
Биылғы оқу жылы сəтті басталып, мектебіміздің ұстаздары мен шəкірттеріне жемісті де, жеңісті жыл болады деп кəміл сенеміз!

