МЕКТЕБІМ, САҒАН МЫҢ АЛҒЫС! » «Х.Әлімжан атындағы №85 жалпы орта білім беретін мектеп» КММ
Шымкент қаласы білім басқармасының
«№85 Х.Әлімжан атындағы жалпы орта мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7252) 27-28-82
Есепші бөлімі:
+7(702) 393-77-55
Нашар көрушілер
нұсқасы
01
маусым
2023

МЕКТЕБІМ, САҒАН МЫҢ АЛҒЫС!

   Шымкент қаласы білім басқармасына қарасты Х.Әлімжан атындағы №85 жалпы білім беретін мектебінде 2023 жылдың 1 маусым күні  “1 маусым Халықаралық балаларды  қорғау  күніне” арналған мерекелік іс- шара болып өтті. Мектеп директоры Сапаркулова Зарета Халиловна еліміздің жарқын болашағын құратын бүгінгі жас бүлдіршін балаларға  деген ақ тілегін арнаса, мектебіміздің ата-аналар комитетінің мүшесі Д. Қ. Асилбеков, ардагер ұстаз С.Б.Жаппарова  балаларға ақ батасын берді. Алтын ұясынан ұшқалы отырған жас түлектердің жүрек тербетер сөздері мен мектеп оқушыларының әсем әні мен тәтті күйі төгілді. 
      Ұстаз болу –жүректің батырлығы, 
      Ұстаз болу-сезімнің ақындығы.
      Ұстаз  болу –мінездің  күн шуағы,
      Азбайтұғын адамның алтындығы,- деп ақын жырлағандай, асыл ұстаздардың ерен еңбегін паш еткен жылдың үздіктері, түрлі байқау, олимпиада жеңімпаздары, спорттан қала, Республика, ТМД елдері арасында жүлделі орындарға ие болған оқушылар арнайы мадақтама қағаздармен, дипломдармен марапатталды.  
   Қымбатты оқушылар, Сіздерге балалықтың балдай тәтті шағын, жас түлектер, Сіздерге даналықтың даңғыл жолын, арманның асқақ шыңын бағындыруды тілейміз!