19
қыркүйек
2023
ТІЛ-ТАТУЛЫҚТЫҢ ТІРЕГІ!
«Тілім менің болмаса, не етер едім,
Өмір бойы мәңгүрт боп өтер едім.
Егеменді ел болдық, байрағымды
Мақтанышпен жоғары көтеремін».
Х.Әлімжан атындағы № 85 жалпы орта білімберетін мекемесі коммуналдық мемлекеттік мекемесінде 2023ж 18 қыркүйек күні 9-сыныптар аралығында қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Н.Кальменованың ұйымдастаруымен «Тіл-татулықтың тірегі!» атты шығармалар сайысы мен пікір cайысы өткізілді.
Сайыстың мақсаты: Мемлекеттік тілді құрметтеу, сыйлау, ана тілдерін қастерлеу сезімдерін қалыптастыру, сөздік қорларын байыту, өз пікірлерін ашық, айқын жеткізу, іскерлікке дағдыландыру, ұлтжандылыққа, адамгершілікке тәрбиелеу, шығармашылыққа баулу.
Елбасымыздың “Тілдердің үштұғырлығы мәдени жобасын кезеңдеп жүзеге асыруды қолға алуды ұсынамын. Қазақстан бүкіл әлемге халқы үш тілді пайдаланатын мәдениетті ел ретінде танылуға тиіс. Бұлар — қазақ тілі — мемлекеттік тіл, орыс тілі — ұлтаралық қатынас тілі және ағылшын тілі — жаһандық экономикаға ойдағыдай кіру тілі” деген салиқалы үндеуін естен шығармаған жөн. Осы үндеуді ескере отырып сайыс үш тілділік негізінде,төрт кезең бойынша ұыймдастырылды. Сайыс өте тартысты өтті, оқушылардың білімі мен білігі шыңдалды. Үш тілде орындалған ән,өлең жолдары көпшіліктің көңілінен орын алды.
Сайыс соңында қатысушы топтарға марапаттар мен сыйлықтар табыс етілді.