18
қыркүйек
2023
ҮШ ТҰҒЫРЛЫ ТІЛ - ҰЛТ БОЛАШАҒЫ
ҮШ ТҰҒЫРЛЫ ТІЛ - ҰЛТ БОЛАШАҒЫ
2023 жылы 18 қыркүйек күні Х Әлімжан атындағы N85 ЖОББ мектебінде 11 А сыныбы оқушыларының қатысуымен "Үш тұғырлы тіл- ұлт болашағы" тақырыбында пікір сайыс болып өтті. Пікір сайысты ұйымдастырған қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі А. Абдихалыкова дебатқа қатысушыларға ой шақырушы, бағыттаушы ақпараттар беріп өтті. Осыдан кейін жақтаушы, даттаушы топтарға бөлінген сынып оқушылары Нұрділла Бекнұр, Мұхтар Қазына, Асан Жібек, Асқанбек Фараби, Назаров Абдулазиз сынды оқушылар өзара пікірсайыста құнды ойларымен, тартысты сөз саптауларымен сыныпқа тұшымды ой сала білді. Мемлекеттік тілдің мәртебесі, сонымен қоса оның бүгіні мен болашағына алаңдаушылық білдірген Мұхтар Қазына мен Нұрділла Бекнұрдың жұбы ой таразылауда басымдыққа ие болды.
Сараптама жасау, екі жұптың жұмысына кері байланыс беруде Асан Жібек те көпшілік алдында сөйлеу мәдениетінің жоғары екендігін таныта алды.
Ұлт болып сақталудың жолы- ұлттық тілді сүю. Ал әлемдік деңгейге шығудың жолы ағылшын тілі екендігін бүгінгі қоғам толық мойындап отыр. Десек те, туған тіліміздің мәртебесін көтеру баршамыздың абзал ісіміз, ұлт жанашыры болу міндетіміз екенін жас ұрпаққа ұғындыра білу-барша тілшілердің басты мақсаты .
Ұлтын сүйген, тілін ардақтайтын ұлтжанды ұрпағымыз көбейе берсін!