ҚАРТТАР КҮНІ ҚҰТТЫ БОЛСЫН! » «Х.Әлімжан атындағы №85 жалпы орта білім беретін мектеп» КММ
Шымкент қаласы білім басқармасының
«№85 Х.Әлімжан атындағы жалпы орта мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7252) 27-28-82
Есепші бөлімі:
+7(702) 393-77-55
Нашар көрушілер
нұсқасы
02
қазан
2023

ҚАРТТАР КҮНІ ҚҰТТЫ БОЛСЫН!

ҚАРТТАР КҮНІ ҚҰТТЫ БОЛСЫН! 🔅

⚜️Қарт дегеніміз - ағып жатқан дария, теңіз іспеттес. Теңіздің тұнығы мен тереңдігі қандай болса, қарияларымыздың да білетіні сондай терең. «Қарттары бар елдің қазынасы бар» деген аталы сөз осыдан қалса керекті. Үлкенді сыйлау, оларға құрмет көрсету ата-бабадан келе жатқан салтымыз. Қарттарымыз бағасыз байлық, олардың төрімізде отыруының өзі бір бақыт...
🔰Бүгін міне «1 қазан – Халықаралық қарттар күні» мерекесі. Осы орайда сіздерді айтулы меркемен шын жүректен құттықтаймыз! Сіздердің өмірлік тәжірибелеріңіз бен ақыл-кеңестеріңіз, тәлім-тағылымдарыңыздың орны біз үшін бөлек қазына.
🔰Сіздер сабырлылық пен қарапайымдылық қасиеттеріңізбен біздерді мейірімділік пен еңбексүйгіштікке, Отанға, отбасына деген адалдыққа және абыройлы болуға тәрбиелеп келесіздер.
🔰Себебі, әрқайсыларыңыздың республикамыздың өсіп-өркендеуіне қосқан үлестеріңіз бен еңбектеріңіз ұшан теңіз. Талай жасты тәрбиелеп, ізбасарларыңызды өсірдіңіздер. 
🔰Сіздерді бүгінгі мерекелеріңізбен шын жүректен құттықтай отырып, дендеріңізге саулық, ұзақ ғұмыр, отбастарыңызға бақ-береке, ырыс-несібе тілейміз!  Ұрпақтарыңызбен мың жасаңыздар! 
📝Ізге тілекпен 
Х.Әлімжан атындағы N85 жалпы орта білім беретін мектебінің барша ұжымы