ЖОЛДАУ-ЕЛ ДАМУЫНЫҢ БАҒДАРЫ » «Х.Әлімжан атындағы №85 жалпы орта білім беретін мектеп» КММ
Шымкент қаласы білім басқармасының
«№85 Х.Әлімжан атындағы жалпы орта мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7252) 27-28-82
Есепші бөлімі:
+7(702) 393-77-55
Нашар көрушілер
нұсқасы
01
қыркүйек
2023

ЖОЛДАУ-ЕЛ ДАМУЫНЫҢ БАҒДАРЫ

    Мемлекет басшысы Қ.К.Тоқаевтың «Әділетті Қазақстанның экономикалық бағдары» атты Жолдауы Білім күнімен тұспа-тұс жарияланды. Елдің экономикалық әл-ауқатын нығайтудың жолдарын қамтыған кезекті Жолдауында Қасым-Жомарт Кемелұлы Республикамыздың инфрақұрылымдарын дамытудың, әсіресе IT технологиясын енгізудің жолдарын көрсетумен қатар, халықтың әлеуметтік жайына да бағдарланғандығын атап өтті.  Осы  маңызды құжатты Президенттің жариялау сәті  Шымкент қаласы білім басқармасына қарасты Х.Әлімжан атындағы №85 ЖОББ мектебінің мәжіліс залында тыңдалды. Мектеп директоры З.Х.Сапаркулова басқарып отырған ұжымда Жолдаудағы түйінді мәселелер бойынша талқылау жасалды. Атап айтқанда, білім саласына қатысты жасанды интелектіні дамыту, IT қызметін экспорттау, сонымен қатар «Жайлы мектеп» жобасы аясында заманауи мектептер салу туралы келелі мәселелерге тоқталды. 

«Ел боламын десең, бесігіңді, тағылымыңды түзе» деп заңғар жазушымыз М.О.Әуезов айтқандай, ел ертеңі болар жас ұрпақтың саналы білім алуына жасалып жатқан осындай қадамдар көп болса дегің келеді.