МҰҚАҒАЛИ МАҚАТАЕВТЫҢ ТУЫЛҒАНЫНА 93 ЖЫЛ » «Х.Әлімжан атындағы №85 жалпы орта білім беретін мектеп» КММ
Шымкент қаласы білім басқармасының
«№85 Х.Әлімжан атындағы жалпы орта мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7252) 27-28-82
Есепші бөлімі:
+7(702) 393-77-55
Нашар көрушілер
нұсқасы
09
ақпан
2024

МҰҚАҒАЛИ МАҚАТАЕВТЫҢ ТУЫЛҒАНЫНА 93 ЖЫЛ

Мұқағали Мақатаев есімі бүгінде бар қазаққа мәшҺүр. Халқының сүйіспеншілігіне бөленген, талантымен баурап алған, қазақ поэзиясында үлкен қолтаңбасы қалдырған ақынның туылған күніне орай, әрі «Оқуға құштар мектеп» жобасы аясында «Мұқағали –мәңгілік ғұмыр» тақырыбында 8-сынып оқушылары арасында өлеңдерін мәнерлеп оқудан әдеби-кеш ұйымдастырылды. Кешті қазақ тілі пәнінің мұғалімі, директордың оқу жұмысы жөніндегі орынбасары Сағынтайқызы Разия жүргізді. Оқушылар ақынның туған жер, Отан, адамдар тағдыры, достық, ана мен бала, ақын мен ақындық, соғыс тауқыметі тақырыбындағы өлеңдерін жүрекпен сезініп, мәнерлеп жатқа оқыды. Ақынның өмірінен қызықты деректер айтылды. Кеш соңында ақынның әнімен аяқталды.