24
қаңтар
2024
ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ ТРЕНИНГ САБАҚ "ЖАҚСЫ КӨҢІЛ-КҮЙ ЖАН ТЫНЫШТЫҒЫ”
Шымкент қаласы білім басқармасына қарасты Х.Әлімжан атындағы № 85 жалпы орта мектепте 2024жылдың 24 қаңтарында мектеп психологтары Н.Т.Хакимшикова мен Г.Ж.Шаймарданның ұйымдастыруымен ‘’Жақсы көңіл-күй жан тыныштығы’’ тақырыбында 6-сынып оқушыларының арасында психологиялық тренинг өткізілді.Мақсаты: Оқушылардың эмоционалдық көңіл-күйін көтеру,сезім мен эмоцияны қалай басқаруды үйрету,жағымды психологиялық ахуал қалыптастыру. Тренинг барысында оқушыларда жақсы көңіл-күй қалыптасып,сыныптастарымен қарым-қатынастары нығая түсті.Психологиялық тренинг сабаққа белсене қатысып өз ойларын еркін жеткізе білді.Тренинг аяқ алған соң оқушылар жақсы көңіл-күймен ынта-жігермен сабақтарына кірісті.



