05
қыркүйек
2024
"ТІЛ МӘРТЕБЕСІ- ЕЛ МӘРТЕБЕСІ"
Шымкент қаласы білім басқармасына қарасты Хамит Әлімжан атындағы №85 жалпы орта білім беретін мектебінде А. Байтұрсынұлының туған күнімен байланысты Қазақстан Халықтарының тілдері мерекесіне арналған «Тілден қымбат қазына жоқ» тақырыбында іс-шара өткізілді.
Іс-шара барысында оқушылардың мәнерлеп оқыған түрлі өлеңдері ерекше көрініс тапты. Мереке барысында оқушылар күмбірлете күй шертіп, ән, биден ерекшеліктерін көрсетіп, оқушылар актерлік шеберліктерін танытты.
Мақсаты: Оқушыларды өз ана тілін сүюге, ана тілінде таза сөйлеуге, тілге деген ынталарын жандандырып, тіл біздің ертеңіміз, тіршілігіміз, өміріміз екенін түсіндіріп, тәрбиелеу.
Қазіргі уақытта бәсекеге қабілетті мемлекет болу – біздің міндетіміз. Сол үшін болашақ ұрпағымыздың қазақ, орыс және ағылшын тілдерін жетік меңгеруі тиіс.
Тілдер мерекесі – еліміздің азаматтарының бірлігі, достықтың белгісі. Халықтар достастығы, өзара келісушілігі және бірлесуі – жаңа Қазақстан құрудың негізгі арқауы болып табылады.