Бастауыш - білім бастауы » «Х.Әлімжан атындағы №85 жалпы орта білім беретін мектеп» КММ
Шымкент қаласы білім басқармасының
«№85 Х.Әлімжан атындағы жалпы орта мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7252) 27-28-82
Есепші бөлімі:
+7(702) 393-77-55
Нашар көрушілер
нұсқасы
24
ақпан
2023

Бастауыш - білім бастауы

  2022-2023 оқу жылында бастауыш сыныптар апталығының жоспарына сәйкес мектептің «педагог-сарапшы» санатты бастауыш сынып мұғалімі Омарова Жанат Турехановна 2023жыл 21 ақпан күні 2 «Ә» сынып оқушыларымен оқырмандар сағатын өткізді.  
 Оқырмандар сағатының мақсаты: ұлттық сана- сезімі жоғары, рухани ойлауы терең, мәдениетті, парасатты, ар-ожданы мол,еңбекқор ұрпақты кітап оқу арқылы тәрбиелеу.Кітапты сүйе білуге, кітапты қадірлеуге баулу. Оқырмандар сағаты төмендегі айдармен өткізілді:
1. «Бейнеролик» айдары
2. «Мақалды жалғастыр» айдары
3. «Ертегі желісімен сурет салу» айдары
4. «Кейіпкерге хат жазу» айдары
5. «Сөз оқы, тез оқы» айдары
6. «Сахналық қойылым» айдары
7. «Сұрақ-жауап» айдары» (құмырсқа аяқтары әдісімен)
8. «Оқиға картасы» айдары
      Оқырмандар сағаты өте жоғары деңгейде өткізілді. Ата –аналар және ұстаздар қауымының кері байланысы «Керемет!» деген жетістікке жетті. Оқушылар айдар желісімен марапатталды және барлық қатысқан оқушыға ертегі кітаптары сыйға тартылды.