МҰҒАЛІМДЕРДІҢ КӘСІБИ ДАМУЫ- САПАЛЫ БІЛІМГЕ ЖОЛ АШАДЫ » «Х.Әлімжан атындағы №85 жалпы орта білім беретін мектеп» КММ
Шымкент қаласы білім басқармасының
«№85 Х.Әлімжан атындағы жалпы орта мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7252) 27-28-82
Есепші бөлімі:
+7(702) 393-77-55
Нашар көрушілер
нұсқасы
28
қаңтар
2023

МҰҒАЛІМДЕРДІҢ КӘСІБИ ДАМУЫ- САПАЛЫ БІЛІМГЕ ЖОЛ АШАДЫ

📚👩🏻‍🏫  МҰҒАЛІМДЕРДІҢ КӘСІБИ ДАМУЫ- САПАЛЫ БІЛІМГЕ ЖОЛ АШАДЫ 📚👩🏻‍🏫
    Бүгінгі сенбі күнді әріптестеріміз өздерінің оқыту тәжірибесін жетілдіруге арнады.  ПШО тренері Калыкулова Жазира Омиртаевнаның «Мектептегі сабақты зерттеу үдерісін ұйымдастыру»   тақырыбындағы  вебинары арқылы  мұғалім тәжірибесіндегі зерттеу үдерісінің қадамдарымен танысты. 
 Сабақты зерттеу тәжірибесі- мұғалім мамандығын игеруге көмектесетін маңызды жұмыс. 
 Сабақты зерттеу арқылы  мұғалімдер арасында  тәжірибемен алмасу, әріптестермен сапалы кәсіби  қарым- қатынас жасау, сабақты бақылау дағдылары, сабақты бірлесіп жоспарлау процесінде  әріптестерімен ынтымақтастығы, жаңа педагогикалық техникалар мен  стратегияларды меңгеруі, оқу процесін терең түсінуі, сабақтың нәтижелерін ескере отырып,  тиімді жоспарлау дағдылары дамитынына көз жеткізді. Мұғалімдер   теориялық білімді тәжірибемен ұштастырып бойларына сіңірді. Алдағы іс- әрекеттерін жоспарлап, зерттеуге деген ішкі уәждері артты.  
 Ізденімпаз, өзіне талап қоя білетін, рухы биік, даралық сапалары жетілген  әріптестерімізге шығар шыңдарыныз биік болын дейміз!  Әр қадамдарыңызға  СӘТТІЛІК серік болсын!