01
наурыз
2023
LESSON STUDY
Мұғалімдер жаңа оқыту әдістемесін талқылап, оны нақты сабақтарға бекіте бастады. Бұл үдерістер - Lesson study. Lesson study
тәжірибесін жүргізу үшін қазақ тілі мен әдебиеті пәнінен 1,2,3 сыныптар бойынша зерттеуді талап ететін мектеп оқушылары таңдап алынды.
Lesson study зерттеу сабағы болып табылады, және де өткізілетін
ашық сабаққа ұқсас. Lesson study-да бір мұғалім өзіне зерттеу сабағын өткізуге, зерттеу
сабағына дейін шамамен бір айда сабақ жоспарын жазуға ерікті түрде жауапкершілік
алады. Содан кейін ол өз сабақ жоспарын осындай сыныптың немесе дәл осындай пән
саласында жұмыс істейтін мұғалімдер қатысатын жиналысқа ұсынады. Содан кейін
мұғалім басқа мұғалімдермен талқылауға негізделген сабақ жоспарын қайта жазады.
Кейбір жағдайда кездесу циклдары және жоспарды қайта жазу үдерісі бірнеше рет
қайталанады. Басқа жағдайда мұғалім мектеп кеңесінің әдіскерінен сабақ жоспарын
жақсарту үшін кері байланыс беруін сұрайды.
Зерттеу сабағында мұғалім сабақ жоспарын ұстана отырып, өз сыныбында сабақ
өткізеді. Мектептің мұғалімдері немесе осындай сыныптардың немесе пән
саласының мұғалімдері зерттеу сабағын бақылайды. Зерттеу сабағанан кейін мұғалім
мен тыңдаушылар зерттеу сабағын талқылайды. Кейде мектеп кеңесінің әдіскерлері
немесе университет профессорлары сияқты шақырылған кеңесшілерді талқылауға
қосылуын және кездесуге қатысқан мұғалімдерге кейбір кеңес беруін сұрайды. Бұл айына бір рет өткізіледі.