08
желтоқсан
2022
ЯЗЫК - КО ВСЕМ ЗНАНИЯМ КЛЮЧ
ЯЗЫК - КО ВСЕМ ЗНАНИЯМ КЛЮЧ
"Язык - ко всем знаниям ключ" атты орыс тілі апталығының ерекшелігі. Апталықтың мақсаты: оқушылардың оқуға құштарлығын, әдебиетке деген сүйіспеншілігін арттыру, орыс тілінде еркін, сауатты сөйлеуге баулу.
Апталық орыстың атақты жазушысы К. Паустовскийдің 130 жылдығына орай өткізілді. Мектеп дәлізіне жазушының шығармашылығына арналған көрме, безендірулер жасалды.
Орыс тілі мен әдебиеті пәні бірлестігінің мұғалімдері күнтізбелік жоспарға сай ашық сабақтар өтті. Әр мұғалім өз сабағында қазіргі заман талабына сай әдіс-тәсілдерді қолданып, сабақтарын түрлендіріп, қызықты, әсерлі өткізді. Басқа пән мұғалімдері сабақтарға қатысып, тәжірибе алмасып, өз ұсыныс, пікірлерімен бөлісті.
Апталықтың ашылуында орыс халқының ұлттық тағамдарынан дастархан жайылды. Оқушылар мен мұғалімдер тағамдардан дәм татты.



