21
ақпан
2023
ҰСТАЗЫ ЖАҚСЫНЫҢ-ҰСТАМЫ ЖАҚСЫ
Х.Әлімжан атындағы жалпы орта мектебінде "Білім беру тренттеріндегі ойын технологиясының тиімділігі" тақырыбы аясында өтіліп жатқан "Бастауыш" әдістемелік бірлестігі апталығында 1 "Б" сынып оқушыларымен Ақышева Есмира Исағалиқызы ана тілі пәнінен Ы.Алтынсаринның шығармасы "Өрмекші,құмырсқа,қарлығаш" тақырыбында ашық сабақ өтті."Ұстаздық еткен жалықпас,үйретуден балаға" деп Абай атамыз айтқандай талап-талғамы ,білімі мен білігі жоғары маман екенін осы сабағында тағыда дәлелдей алды. Сабақта түрлі әдіс тәсілдер пайдалана отырып "Мозайка","Оқиғалар картасы" мен "Шыбын ұру","Жаңбыр тамшылары","Ара" ойындары ойнатылып ,шәкірттердің жүрегіне жол тауып сабаққа деген қызығушылықтарын арттыра білді.








