АТА-АНАЛАРДЫ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ҚОЛДАУ ОРТАЛЫҒЫ » «Х.Әлімжан атындағы №85 жалпы орта білім беретін мектеп» КММ
Шымкент қаласы білім басқармасының
«№85 Х.Әлімжан атындағы жалпы орта мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7252) 27-28-82
Есепші бөлімі:
+7(702) 393-77-55
Нашар көрушілер
нұсқасы
20
қаңтар
2025

АТА-АНАЛАРДЫ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ҚОЛДАУ ОРТАЛЫҒЫ

Шымкент қаласы білім басқармасына қарасты  Х.Әлімжан атындағы №85 жалпы орта білім беретін мектебінде 2025 жылдың 20-21 қаңтар  күндері директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары  Л.Т Сайрамбаева, Г.Е.Базаркулова және сынып жетекшілердің ұйымдастыруымен  1-4 сыныптар арасында «Құмар ойындары-тәуелділік қақпаны», 5-9 сыныптар арасында  «Ақпараттан ақ-қараны ажырату өнері»,10-11 сыныптар арасында «Жақсыдан қашпа, жаманға баспа...» тақырыптарында   ата – аналарға арналған семинар сабақтар  өткізілді.                                                        Мақсаты: 
-Балаға жағымды қарым-қатынастарды қолдауды, жағымсыз қатынастарға қарсы тұруды үйрету, ата-аналарға қарым-қатынас түрлері туралы түсінік беру (достық, жасөспірімдер субмәдениетіндегі мінез-құлық, буллинг және т.б.), ата-аналардың оң қарым-қатынасты қолдап, жағымсыз қарым-қатынасты жеңу дағдыларын игеруіне ықпал ету;-Ата-аналарға  отбасылық құндылықтарды сақтаудың маңыздылығын түсіндіру, отбасында жағымды психологиялық ахуал орнатуда отбасылық құндылықтардың әлеуетін ашу, ата-аналардың отбасында және баламен қарым-қатынаста әлеуметтік қолдау дағдыларын игеруіне ықпал ету. 
  Ата-аналармен бірге өткізілген семинар сабақтар бала тәрбиелеуде аз да болса жоғарлауына өз үлесін қосты.