«Адамды үлкен жетістіктерге жетелейтін ең маңызды қасиет-ол оның қарым-қатынас мәдениеті.  » «Х.Әлімжан атындағы №85 жалпы орта білім беретін мектеп» КММ
Шымкент қаласы білім басқармасының
«№85 Х.Әлімжан атындағы жалпы орта мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7252) 27-28-82
Есепші бөлімі:
+7(702) 393-77-55
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » «Адамды үлкен жетістіктерге жетелейтін ең маңызды қасиет-ол оның қарым-қатынас мәдениеті. 
14
наурыз
2025

«Адамды үлкен жетістіктерге жетелейтін ең маңызды қасиет-ол оның қарым-қатынас мәдениеті. 

Қарым-қатынас – адамның өмірінде аса маңызды рөл атқаратын құбылыс. Ол жеке тұлғаның дамуына, қоғамда өзін еркін сезінуіне, өзара түсіністік пен сенім орнатуына ықпал етеді. Адам әлеуметтік ортада дамиды, қарым-қатынас арқылы ой-өрісі кеңейіп, өзін-өзі таниды.
       Осы орайда «Бір сынып – бір фокус» аясында мектеп психологы А.Дүйсембиева “Қарым –қатынас  жарасымы» тақырыбында оқушыларға тренинг өтті. Тренингтің мақсаты оқушыларға  өзара сенімділік пен түсіністік орнату тәсілдерін үйрету, эмпатия мен эмоционалдық интеллектін дамыту, конфликттерді шешудің тиімді жолдарын үйрету болды. Тренинг барысында оқушылар қарым қатынасқа қажетті асыл қасиеттерді меңгерді. Олар түсіністік, сыйластық, өзгенің ойымен санасу, адамдардың құндылығын ескеру болды. Сол себепті дұрыс сөйлесу, тыңдау, түсіну және өз ойыңды жеткізе білу – өте маңызды қабілеттер.Оқушылар алдағы уақытта  қарым-қатынас мәдениетін ары қарай арттыра отырып, жоғары жетістіктерге жетеді деп сенім білдіреміз.