АТА-АНАЛАРДЫ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ҚОЛДАУ » «Х.Әлімжан атындағы №85 жалпы орта білім беретін мектеп» КММ
Шымкент қаласы білім басқармасының
«№85 Х.Әлімжан атындағы жалпы орта мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7252) 27-28-82
Есепші бөлімі:
+7(702) 393-77-55
Нашар көрушілер
нұсқасы
17
желтоқсан
2024

АТА-АНАЛАРДЫ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ҚОЛДАУ

АТА-АНАЛАРДЫ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ҚОЛДАУ 
«Құмарлыққа бой   алдыру – тәуелділік       құрдымы» тақырыбында тренинг өтті

Шымкент қаласы білім басқармасына қарасты Х.Әлімжан атындағы №85 жоббм 2024 жылдың 17 желтоқсан күні 11 ә сыныбында «Құмарлыққа бой   алдыру – тәуелділік       құрдымы» тақырыбында ата-аналарға арналған тренинг болып өтті. Тренингтің мақсаты: ата-аналардың өз баласының қауіпсіздігін қамтамасыз ету қабілетін қалыптастыру, тәуелділік мінез-құлық қаупінің алдын алу жолдарын дамыту. Тренинг барысында ата-аналарға тәуелділік түрлерімен таныстырылып, тәуелділіктің алдын алу  шаралары түсіндірілді, видеороликтер көрсетілді, жоғары сынып оқушыларындағы тәуелділіктің белгілері және салдары айтылды. Тәуелді мінез-құлықтың алдын алу шаралары ретінде бала тәрбиесінде ата мен әкенің рөлі өте зор екендігіне тоқталды.  Отбасы тәрбиесінде қазақ халқы әрқашан баланың жас және жеке ерекшеліктерін ескерген. Бұл халық даналығын мына сөздерден аңғаруға болады: "Балаңды бес      жасқа  дейін патшаңдай    күт,     бес     жастан     он     үш жасқа дейін құлыңдай жұмса, он үш жастан асқан соң досыңдай сырлас". Сондай-ақ тәрбиенің нәтижесі мектептің де күш-жігерінің нәтижесі болып табылады. Нәтижесінде ата-аналар  баланың дамуындағы ықтимал қауіптер, тәуелділік мінез-құлық белгілері  және оның алдын алу шаралары туралы  түсініктер алды, ата-аналардың балаларына көңіл бөлуінің, заңсыз әрекеттердің алдын алудың        маңыздылығын түсінді.