«ӘЛЕМНІҢ ЖАРЫҒЫН СЫЙЛАДЫҢ СЕН МАҒАН…» » «Х.Әлімжан атындағы №85 жалпы орта білім беретін мектеп» КММ
Шымкент қаласы білім басқармасының
«№85 Х.Әлімжан атындағы жалпы орта мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7252) 27-28-82
Есепші бөлімі:
+7(702) 393-77-55
Нашар көрушілер
нұсқасы
07
наурыз
2024

«ӘЛЕМНІҢ ЖАРЫҒЫН СЫЙЛАДЫҢ СЕН МАҒАН…»

Шымкент қаласы Білім басқармасына қарасты Х.Әлімжан атындағы №85 ЖОББМ 07.03.2024ж 
     Тәрбие сағат тақырыбы: «Әлемнің жарығын сыйладың сен маған ... »
    Мақсаты: Оқушыларға қазақ халқының аналарды құрметтеп ардақтауға  тәрбиелеу  мәнін ұғындыру, баланың бойына адамгершілік қасиеттерін қалыптастыру, халық өнегесін үйрету;
Аналармен  тығыз байланыс жасау арқылы ортақ тәрбиеге жұмылдыру.
Қымбатты ұстаз - аналар, арулар және қыздар ! Көңілдеріңізге көктем шуағындай сезім мен нұр құйып, тағы да 8 - наурыз халықаралық әйелдер күні келді. Осынау көркем мерекенің қай кезде де орны бөлек. Олай болатыны, аналарға деген ыстық сезім, алғыс пен құрмет ешқашан сөнбек емес. Олар - өмірдің гүлі, көңілдің жыры, әр отбасының алтын діңгегі. Мынау тынымсыз тіршілік пен кең дүниенің өзі тек аналармен ажарлы. Бүгінгі арайлап атқан нұрлы таңмен бірге әрбір сәби жүрегі өзің деп соқса, бүгінгі мерекелік сабағымыз де аналар мен қыздарға арналады.
Сынып жетекшісі : Аширбекова Н.Д