26
ақпан
2024
«Заманауи білім беру кеңістігі: №61 «Нұртас» бөбекжай бақшасы мен 1 сыныптар арасындағы сабақтастық» тақырыбында дөңгелек үстел болып өтті.
Х.Әлімжан атындағы №85 жалпы орта білім беретін мектебінде «Заманауи білім беру кеңістігі: №61 «Нұртас» бөбекжай бақшасы мен 1 сыныптар арасындағы сабақтастық» тақырыбында дөңгелек үстел болып өтті.
Мақсаты: Сабақтастық жұмысындағы ортақ мақсат мектепке білім алушыларды табысты дайындаудың жолында олардың интеллектуалдық және жан-жақты дамуын қамтамасыз ететін бірыңғай білім мен тәрбие кеңістігін қалыптастыру.
Іс-шараға бастауыш мұғалімдері мен тәрбиешілер және ата-аналар қатысты.
№ 61 «Нұртас» бөбекжай бақшасы мектепалды сыныптарды даярлаудың үлгілік оқу бағдарламасына және оқыту әдістемесіне тоқталып өтті.
1 сынып мұғалімдері оқушылардың психологиялық-педагогикалық дайындығын зерделей келіп, олардың бейімділігі мен әлеуметтену жағдайы туралы сөз қозғады.
Мектеп логопеді Мусуралиева Жанар ата-аналарға тіл мүкістігі бар балалардың көбеюіне байланысты жүргізілетін жаттығу түрлерін көрсетті.
Балабақша мен мектептің байланысын нығайту үшін ортақ міндеттер мен мақсаттар алға қойылды.
Ата аналар өз ойларын ортаға салып, соңында тәрбиешілер мен мұғалімдерге алғыстарын білдірді.№ 61 «Нұртас» бөбекжай бақшасына сәттілік тілейміз!