АТА - АНАЛАР ЖИНАЛЫСЫ » «Х.Әлімжан атындағы №85 жалпы орта білім беретін мектеп» КММ
Шымкент қаласы білім басқармасының
«№85 Х.Әлімжан атындағы жалпы орта мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7252) 27-28-82
Есепші бөлімі:
+7(702) 393-77-55
Нашар көрушілер
нұсқасы
13
қыркүйек
2023

АТА - АНАЛАР ЖИНАЛЫСЫ

Х.Әлімжан атындағы №85 жалпы орта білім беретін мектебінде 2023 жылдың 13 қыркүйек күні 6 «г» сынып оқушыларының ата - аналары арасында жиналыс болып өтті.
Жалпы оқушы саны – 24
Қатысқаны – 22 ата - ана
Күн тәртібінде:
1.Жаңа оқу жылының басталуы.
2.Баланың оқу режимі және демалысы.
3.“Ғаламтор қауіпсіздігі”
4.Мектептің ішкі тәртібі
5.Мектептің ата-аналардың комитетінің төрағасын сайлау.
6.2021 жылғы 6 мамырдағы ҚР Үкіметінің №305 қаулысы Террористік тұрғыдан осал объектілерді терроризмге қарсы ұйымдастыру.
7.ҚР Заңы “Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы ” баяндама
8.Әр түрлі мәселелер.(пән мұғалімдерімен танысу, оқулық мәселесі, үйірмелер, сабақтан қалмау, кешікпеу)
Тыңдалды:
 Бірінші мәселе бойынша ата - аналар жиналысына қатысқан мектеп директоры З.Х.Сапаркулова жаңа оқу жылымен ата-аналарды құттықтады. Сонымен қатар жиналыстың күн тәртібіндегі мәселелерге шолу жасап өтті. Мектеп директорының орынбасарлары да  жиналысқа қатысып ата -аналардың қойылған сұрақтарына жауап беріді.
Сынып жетекшісі Ережепов Бақытжан сөз сөйледі. Оқушылардың жалпы оқу жылының басталғандағы өзгерістері мен сынып ережелерін, мектеп тәртібін мәлімдеді.. 
Екінші мәселе бойынша баланың оқу режиміне үйренісуін мұғалім және ата-анамен бірге дұрыстауға ықпал жасалды.
Үшінші мәселе бойынша сынып жетекшісі сөз сөйлеп қауіпсіздік ережелерімен ата - аналарды таныстырып, жолда бала сақ жүруіне, абай болуына ата - аналарға үгіт - насихат жұмыстар жүргізіп, ұялы телефон мәселесін толық көтерді (ғаламтордың зияндылығы)
Төртірші мәселе бойынша мектептің тәрбие жөніндегі орынбасары  Л.Т.Сайрамбаева  мектептің ішкі тәртібін толық таныстырды.
Бесінші мәселе бойынша мектептің ата-аналардың комитетінің төрағасы ретінде З.Шанкебаева  бір ауыздан ата -аналар комитетінің төрайымы болып сайланды.
Алтыншы мәселе  бойынша “Террористік тұрғыдан осал объектілерді терроризмге қарсы ұйымдастыру” қаулымен таныстырылды.
Жетінші мәселе бойынша “Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы ” баяндама тыңдалды.
Сегізінші мәселе бойынша түрлі мәселелерді ортаға салып, ата-аналармен кері байланыс орнату мақсатында жеке-жеке ұсыныс қағазы таратылды.