АТА - АНАЛАР ЖИНАЛЫСЫ » «Х.Әлімжан атындағы №85 жалпы орта білім беретін мектеп» КММ
Шымкент қаласы білім басқармасының
«№85 Х.Әлімжан атындағы жалпы орта мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7252) 27-28-82
Есепші бөлімі:
+7(702) 393-77-55
Нашар көрушілер
нұсқасы
13
қыркүйек
2023

АТА - АНАЛАР ЖИНАЛЫСЫ

АТА - АНАЛАР ЖИНАЛЫСЫ
Х.Әлімжан атындағы N85 жалпы орта білім беретін мектебінде, 2023 жыл 13 қыркүйек күні 7"Ә" сынып оқушыларын ың ата- аналары арасында жиналыс өткізілді. Ата-аналар жиналысының көздеген басты мақсаты – бала тәрбиесіндегі ата - ананың алатын орнының ерекше екендігін түсіндіру, әр отбасының бала тәрбиесіне белсене қатысуының маңызын арттыру, баланың жақсы әдеттерді бойына сіңіріп өсу жолдарын ата-аналармен бірлесе қарастыру болды. Ата- аналар жиналысында, күн тәртібіндегі барлық мәселелер толығымен қамтылып, қарастырылды. 
Ата-аналар мектепке қатысты сұрақтарын қойып, көңілдеріне қонымды жауаптарын алып, мектеп әкімшілігі мен ұжымға толағай табыстар тіледі.
Ұрпақ тәрбиесі – ең ұлы міндет десек, осы міндетті мүлтіксіз орындау мектеп педагогтерімен қатар ата-аналардың да жауапкершілігінде екенін ұғынды.

Похожие публикации: