«ЖАДА» ПИРАМИДАСЫ" ЖОБАСЫ: АЛҒАШҚЫ ӘРІПТЕСТІК КЕЗДЕСУ » «Х.Әлімжан атындағы №85 жалпы орта білім беретін мектеп» КММ
Шымкент қаласы білім басқармасының
«№85 Х.Әлімжан атындағы жалпы орта мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7252) 27-28-82
Есепші бөлімі:
+7(702) 393-77-55
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » «ЖАДА» ПИРАМИДАСЫ" ЖОБАСЫ: АЛҒАШҚЫ ӘРІПТЕСТІК КЕЗДЕСУ
14
наурыз
2025

«ЖАДА» ПИРАМИДАСЫ" ЖОБАСЫ: АЛҒАШҚЫ ӘРІПТЕСТІК КЕЗДЕСУ

«Барлығына қолжетімді сапалы білім» Ұлттық баяндамасы шеңберінде берілген «943- елдің мақсатты мектептерін дамыту» жобасын іске асыру аясында Шымкент қаласы Білім басқармасының «Әдістемелік орталығы» КММ-нің 28.01.2025  күнгі 16 н/қ  санды хатына сәйкес жасалынған екі мектеп арасындағы меморандумнан кейін тәлімгер мектеп «Х.Әлімжан атындағы №85  ЖОББМ" КММ педагогтарының №106 «Қайнар бұлақ» ЖОББМ КММ  педагогтарымен «ЖАДА» ПИРАМИДАСЫ" жобасын іске асыру мақсатындағы алғашқы кездесуі сәтті өтті.                                     Бұл жобаның мақсаты — педагогтардың бір-бірімен тәжірибе алмасу, кәсіби дамуға бағытталған үздіксіз даму мүмкіндіктерін жасау арқылы білім беру ұйымдарын білім беруші де, білім алушы да мекемеге айналдыру.                                  
    Кездесу  барысында екі мектеп басшылары мектеп әкімшілігімен бірлесе отырып, жоба бойынша жұмыс жоспарын, оқыту әдістемелерін жетілдіру жолдарын талдады. Нәтижесінде «ЖАДА» ПИРАМИДАСЫ»  жобасы аясында жасалған бірлескен  жоспар жүйеленіп, мақсатты мектептер тізіміне енген №106 «Қайнар бұлақ» ЖОББМ директоры Н.Р. Құмарбековтің    қолтаңбасы қойылып, мекеме мөрі басылған келісіммен, тәлімгер мектеп «Х.Әлімжан атындағы №85 ЖОББМ» директоры З.Х.Сапаркулованың қолтаңбасымен,  мекеме мөрімен бекітілді.                                                                 "ЖАДА ПИРАМИДАСЫ" жобасы - болашақта педагогикалық қарым-қатынастың дамуына және мектеп аралық ынтымақтастықтың нығаюына ықпал ету үшін жүйелі қауымдастықтың негізі болады. Нәтижесінде әдістемелік тұрғыдан құзыретті мұғалімдердің тәжірибесі білім алушылардың білім сапасын арттыруға негіз болады деген  сенім артылды. 
  Әрбір қадамымыз білімнің биік шыңына апарады!