23
қазан
2025
МЕКТЕП ПАРЛАМЕНТІ ПРЕЗИДЕНТІН - САЙЛАУ - 2025!
МЕКТЕП ПАРЛАМЕНТІ ПРЕЗИДЕНТІН - САЙЛАУ - 2025!
Бүгін, 23 қазан күні, Шымкент қаласы Білім басқармасына қарасты Х. Әлімжан атындағы №85 жалпы орта білім беретін мектебінде Мектеп Парламенті Президентін сайлау өтті.
Бұл маңызды іс-шара – оқушылардың азаматтық белсенділігін, жоғары жауапкершілік сезімін және көшбасшылық қабілеттерін дамытуға бағытталған.
Сайлау барысында үміткерлер өз бағдарламаларын таныстырып, оқушылар белсенді түрде дауыс беруге қатысты. 

Сайлауға атсалысқан барлық үміткерлер мен қатысушыларға зор алғыс білдіреміз!
