13
қараша
2025
КҮЗГІ ЖӘРМЕҢКЕ – 2025
Шымкент қаласы Білім басқармасына қарасты Х.Әлімжан атындағы №85 жалпы орта білім беретін мектебінде
12–13 қараша күндері 5–6 сынып оқушыларының қатысуымен Күзгі жәрмеңке өтті.
Жәрмеңкеде оқушылар өз қолдарымен дайындаған тағамдар мен қолөнер бұйымдарын ұсынды. Іс-шараның мақсаты – оқушылардың шығармашылық қабілетін дамыту, ұжымдық жұмысты нығайту және еңбекке баулу болды.
Күздің шуақты күндерін ерекше көңіл күйге бөлеген жәрмеңке жоғары деңгейде ұйымдастырылып, барлық қатысушыларға қуаныш сыйлады.
