05
қаңтар
2026
ҚАУІПСІЗДІК САБАҚТАРЫ ӨТТІ
Шымкент қаласы білім басқармасына қарасты Х.Әлімжан атындағы №85 жалпы орта білім беретін мектепте 2025 жылдың 5 қаңтар күні 1–11 сынып оқушыларының қатысуымен «Қауіпсіздік сабақтары» өткізілді.
Сабақ барысында оқушыларға қыс мезгіліндегі жол қозғалыс ережелері, қоғамдық орындардағы тәртіп, өрт қауіпсіздігі, нашақорлықтың алдын алу, тұрмыстық қауіпсіздік ережелері, сондай-ақ төтенше жағдай кезіндегі іс-қимыл тәртіптері жан-жақты түсіндірілді.
Іс-шараның негізгі мақсаты – білім алушылардың қысқы кезеңдегі өмір қауіпсіздігін қамтамасыз ету, құқықтық мәдениетін арттыру және күнделікті өмірде қауіпсіз мінез-құлық дағдыларын қалыптастыру.
Аталған сабақтар оқушылардың өз қауіпсіздігіне жауапкершілікпен қарауына және төтенше жағдайлардың алдын алуға бағытталды.