27
қыркүйек
2024
ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙ КЕЗІНДЕГІ ҚАУІПСІЗДІК ШАРАЛАРЫ
Шымкент қаласы білім басқармасына қарасты Х.Әлімжан атындағы №85 жалпы орта білім беретін мектебінде 2024 жылдың 27 қыркүйек күні ДТІЖО –ры Л.Т.Сайрамбаева, Г.Е.Базаркулова және АӘД пәні мұғалімі М.Е.Имашевтің ұйымдастыруымен оқушылардың төтенше жағдай кезіндегі қауіпсіздік сауаттылығын арттыру мақсатында арнайы мамандар шақыртылып, оқу-жаттығу жиыны өткізілді. Оқу-жаттығу жиынына Қаратау ауданы бойынша «Төтенше жағдайлар басқармасының» Азаматтық қорғау аға лейтенанты Ә.Темірбай және «Апаттар медицина орталығының» бас дәрігері Н.А.Сулей қатысты. Іс-шара барысында ТЖ мамандары төтенше жағдай орын алған жағдайда жасалатын іс-әрекеттер мен төтенше жағдайлардың алдын- алу шаралары туралы түсіндірме жұмыстарын жүргізді және іс жүзінде оқушыларға көрсетті. Сонымен қатар мектебіміздің 10 сынып оқушылары төтенше жағдай кезінде жарақат алған адамдарға қалай алғашқы көмек көрсету керектігін оқушыларға түсіндірді. Оқушылар арнайы жабдықталған техникаларымен арнайы мамандардың жұмыс жағдайындағы жай-күйімен танысып, көптеген мәліметтер алды.



