«БАҚЫТТЫ БАЛА-БЕЙБІТ ЕЛДІҢ ТІРЕГІ» АТА-АНАЛАРМЕН КЕЗДЕСУ » Тәуке хан атындағы №85 жалпы білім беретін орта мектебі
Шымкент қаласы білім басқармасының
«№85 Х.Әлімжан атындағы жалпы орта мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7252) 27-28-82
Есепші бөлімі:
+7(702) 393-77-55
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » «БАҚЫТТЫ БАЛА-БЕЙБІТ ЕЛДІҢ ТІРЕГІ» АТА-АНАЛАРМЕН КЕЗДЕСУ
17
қараша
2025

«БАҚЫТТЫ БАЛА-БЕЙБІТ ЕЛДІҢ ТІРЕГІ» АТА-АНАЛАРМЕН КЕЗДЕСУ

Х.Әлімжан атындағы №85 жалпы орта білім беретін мектебінде «Дүниежүзілік балалар күніне» арналған республикалық онкүндіктің іс-шара жоспарына сәйкес 17.11.2025 ж күні  «Бақытты бала-бейбіт елдің тірегі» тақырыбында  балалардың құқықтарын қамтамасыз ету мәселелері бойынша мемлекет жүзеге асырып жатқан іс-шаралар туралы ата-аналарды  хабардар етілді. 
Мақсаты:
* Баланың бақытты, қауіпсіз және үйлесімді дамуы – ел болашағының басты құндылығы екенін ата-аналарға түсіндіру.
* Отбасындағы эмоционалдық жылылық, қолдау, сүйіспеншілік пен тәртіптің баланың тұлғалық қалыптасуына әсерін көрсету.
* Ата-ана мен мектептің бірлесе әрекет етуінің маңызын айқындап, бала тәрбиесінде жағымды психологиялық орта қалыптастырудың тиімді жолдарын ұсыну.
* Баланың құқықтары мен мүдделерін қорғауға, оның қауіпсіздігі мен әл-ауқатын қамтамасыз етуге ата-аналардың жауапкершілігін арттыру.
* Қоғамдағы бейбітшілік пен тұрақтылықты сақтауда тәрбиелі, саналы, бақытты ұрпақ тәрбиелеудің мәнін ашу.