МЕНІҢ ТУЫМ – МЕНІҢ МАҚТАНЫШЫМ! » Тәуке хан атындағы №85 жалпы білім беретін орта мектебі
Шымкент қаласы білім басқармасының
«Тәуке хан атындағы №85 жалпы орта білім беретін мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7252) 27-28-82
Есепші бөлімі:
+7(702) 393-77-55
Нашар көрушілер
нұсқасы
04
маусым
2026

МЕНІҢ ТУЫМ – МЕНІҢ МАҚТАНЫШЫМ!

МЕНІҢ ТУЫМ – МЕНІҢ МАҚТАНЫШЫМ!
4 маусым – Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері күні! Бұл – егемендігімізді айшықтайтын, ұлттық рухымызды асқақтататын ерекше мереке.
Шымкент қаласы білім басқармасының Әдістемелік орталығының нұсқаулығы негізінде, мектебімізде айтулы мерекеге орай «Менің туым — менің мақтанышым» атты патриоттық челлендж жоғары деңгейде ұйымдастырылды.
✨ Шара барысында:Оқушыларымыз Көк байрағымызды мақтанышпен қалықтатып, еліміздің бас әні – Мемлекеттік Әнұранды асқақтата, бір мезетте салтанатты түрде орындады!Жас ұрпақтың бойында Отанға деген сүйіспеншілік, мемлекеттік рәміздерге деген шексіз құрмет сезімі одан әрі ұялады.
Рәміздеріміз – біздің тәуелсіздігіміздің тұғыры, бірлігіміздің кепілі. Көк туымыз әрқашан биіктен желбіреп, Әнұранымыз асқақтай берсін! 💙💛
#РәміздерРухы #КонституцияныңКүші #РәмізгеҚұрмет #ШымкентБілім #4маусым #МеніңТуымМеніңМақтанышым