«КВЕСТ» ИНТЕЛЛЕКТУАЛДЫҚ ОЙЫН » Тәуке хан атындағы №85 жалпы білім беретін орта мектебі
Шымкент қаласы білім басқармасының
«№85 Х.Әлімжан атындағы жалпы орта мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7252) 27-28-82
Есепші бөлімі:
+7(702) 393-77-55
Нашар көрушілер
нұсқасы
20
қараша
2023

«КВЕСТ» ИНТЕЛЛЕКТУАЛДЫҚ ОЙЫН

2023-2024 оқу жылы 20-24 қараша аралығындағы Х.Әлімжан атындағы №85 жалпы орта білім беретін мектептің «Физика, информатика» пәндерінің  «Кодтар  әлемі»  тақырыбы аясында «КВЕСТ» интеллектуалдық ойыны өткен болатын. 
Ойын мектебіміздің 9-сыныптары арасында бір апта аралығында 5-күндік тапсырмалар мен кедергілерден тұрды. Күнделікті тапсырмаларды шеше отырып, команда ПАЗЛ бөліктерін жинайды. Соңында қазына табылып, команда мүшелері теңдей қазынаны бөліп алады.
Интеллектуалдық ойынның мақсаты: оқушылардың ойын əрекеті арқылы математикалық, информатикалық ой-өрісін дамыту. Оқушылардың пəнге деген тұрақты танымдық қызығушылығын ояту жəне дамыту; - логикалық ойлауды дамытуға, тез ойлана білуге жəне дұрыс шешім қабылдауға ықпал ету; - оқушылардың тапқырлығын, түйсігін дамытуға ықпал ету; - командада жұмыс істеу дағдыларын қалыптастыру; -математикалық ойлау мəдениетін тəрбиелеу. 

Интеллектуалдық ойынның жоспары:
1. «Морзе» әліппесі арқылы декодтау.
2. «Ребус» шешу
3. «ASCII» кодын декоттау.
4. «ПАЗЛ» құрастыру
5. Негізгі мәніді табу, мағынасын түсіндіру, қазынаға қол жеткізу.