24
қараша
2023
«ШӘКӘРІМ АҚЫН ШАЛҚАРЫНАН!»
Х.Әлімжан атындағы №85 жалпы орта білім беретін мектебінде оқушылардың бос уақытын тиімді пайдалану мақсатында үйірме сабақтарының жұмысы жоспар бойынша жүргізіліп отырады. 2023 жылдың 24 қарашасында ҚББ педагогы Д.Б.Есенбекова мен 3- сынып үйірме жетекшілерінің ұйымдастыруымен «Шәкәрім ақын шалқарынан!» әдеби танымдық іс-шарасы өткізілді.
Мақсаты: Оқушыларды ақынның еңбектерімен таныстырып , рухани- адамгершілік , патриоттық сезімдерін ояту, еліне, тіліне деген құрметін арттыру, шығармашылық қабілеттері мен ой-өрістерін дамыту.
Іс - шара барысында оқушылар ақынның өлеңдері мен шығармашылығын шыңдап мәнерлеп оқуда өз белсенділіктерін танытты. Сонымен қатар оқушылар өз өнерлерін ортаға салып, күмілжіте ән шырқап, би биледі. Үйірменің үйретері көп екенін тағы бір дәлелдей түскендей болды.