15
желтоқсан
2023
«ЖЕҢІСІМДІ ТӘУЕЛСІЗДІККЕ АРНАЙМЫН» СПОРТТЫҚ ОЙЫН
Х. Әлімжан атындағы № 85 жалпы орта білім беретін мектебінде «Ұлттық мектеп лигасы » жобасы аясында «Жеңісімді Тәуелсіздікке арнаймын» тақырыбында спорттық ойын түрлерінен жарыс ұйымдастырылды. Мақсаты: оқушыларды дене тәрбиесі сабақтарында спорттық ойындарды қолдану арқылы, салауатты өмір салтын ұстануға тәрбиелеу, пәндік білім, білік, дағдыларын одан әрі жетілдіру. Спортқа деген қызығушылықтарын арттыру. Балалардың икемділігі мен ептіліктерін, шапшаңдылық қабілеттерін дамыту.
Волейболдан өткен спорттық жарысқа №27, №103, №116, №132 мектептерден жас спортшылар қатысты. Жарыс өте қызықты, жоғары деңгейде өтті. Спорттық жарыс өз мәресіне жетіп, жеңімпаздар арнайы мақтау қағазымен марапатталды. Жеңістеріңіз құтты болсын!