13
наурыз
2024
«ЖАС ЭКОЛОГТАР»
Балалар мен жастардың экологиялық мәдениетін қалыптастыру мақсатында «Жер елшілері» Бүкілқазақстандық креативті жастардың экологиялық қозғалысы ауқымды жобасының тұжырымдамасы аясында Х. Әлімжан атындағы №85 жалпы орта білім беретін мектептің 8 сынып оқушыларына №2 оқушылар сарайының базасында «Гидропоника және экология» үйірмелеріне экскурссиялық танымдық сабақ ұйымдастырылды. Экскурсия барысында білім алушылар гидропоника арқылы өсімдіктерді өсірудің әдістемелері, гидропоникамен өсірілетін өсімдіктер жамылғысының ерекшеліктері жайлы, сонымен қатар экология үйірмесінде су, топырақ құнарлылығын тексеру құрылғыларымен және топырақтың ортасын анықтау әдістемесімен танысып, биология ғылымы саласындағы экологиялық білімдерін толықтырып, құнды мағлұматтарға ие болды.



