ТӨРЛЕТ, ӘЗ-НАУРЫЗ! » «Х.Әлімжан атындағы №85 жалпы орта білім беретін мектеп» КММ
Шымкент қаласы білім басқармасының
«№85 Х.Әлімжан атындағы жалпы орта мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7252) 27-28-82
Есепші бөлімі:
+7(702) 393-77-55
Нашар көрушілер
нұсқасы
20
наурыз
2024

ТӨРЛЕТ, ӘЗ-НАУРЫЗ!

Наурыз -жаңару мен жаңғыру,  ынмақ пен татулық  мерекесі.Тәуелсіз мемлекетіміздің қалыптасуымен бірге Наурыз мейрамы барлық қазақстандықтар үшін жалпы халықтық сүйікті мерекеге айналды. Көктемнің осы бір шағында табиғат қана түлеп қоймай, қоғамның ынтымағы мен бірлігін, бейбітшілігі мен түсіністігін нығайтатын адам даласының да жан-дүниесі жаңғыра түседі.
         Наурыз – бұл тек көктемнің ғана емес, бұл ең әуелі ізгілік пен жақсылықтың мейрамы. 
Міне осы бір ізгілікті істер жалғасы-дәстүрлі мереке Сапаркулова Зарета Халиловна көшбасшылығындағы N85 Хамит Әлімжан атындағы ЖОББМ-те аталып өтті.
Білім ордасындағы мереке   барысы қазақ халқының ұлттық құндылықтарын насихатталуына бағытталды
Мектеп сахнасы түтіні түзу,  ынмағы жарасқан қазақ ауылының көрінісінің бейнесіне айналды.
Мектеп педагогтары мен оқушылардың белсенділігімен сахналастырылған көріністер, мың бұралған бишілер, күмбірлеген домбыра үндері салтанатымызға сән берді.
Мерекеге қатысқан мектептің әрбір тынысымен тыныстайтын қамқоршылық кеңесінің төрағасы Мадибеков  Оңдырбай мырза, мектеп ұжымына өз алғысын білдіріп, ақ батасын берді.
 Әз Наурыздың адам баласын ізгілік пен сыйластыққа, ынтымаққа тәрбиелейтін тереңнен тартар ежелгі қасиетін біз бодашақ ұрпақ бойындарытуға, оны өз өміріміздің салтына айналдыруға міндеттіміз.
    Ендеше, көктемнің жарқын мерекесі Наурыз мейрамы  құтты болсын!
Ұлыс оң болсын!
Ақ мол болсын!